📚4- тоқсанның басталуына байланысты, білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында оқулықтарға рейд жүргізілді. » 33.alschool.kz
Municipal public
public institution
"№33 мектеп-лицей"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 236-61-23
bookkeeping:
+7(727) 236-62-09
Version for
visually impaired
» » 📚4- тоқсанның басталуына байланысты, білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында оқулықтарға рейд жүргізілді.
02
April
2024

📚4- тоқсанның басталуына байланысты, білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында оқулықтарға рейд жүргізілді.

📚4- тоқсанның басталуына байланысты, білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында  оқулықтарға рейд жүргізілді. Тексеру 1-11 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Рейдті  кітапхана меңгерушісі Айдаркулова А. және мектеп әкімшілігінен Жәлел Айымжан Талғатқызы тексеру жүргізді. Оқулықтары, мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін кітап иелері, білім алушыларға "мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы", "оқулықты сақта", "оқулықты ұзақ ұстау " нұсқаулықтар жүргізіліп, мектеп кітапханасынан оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері туралы және оқулықтарды бүлдіргені және жоғалғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салынды.
📎Құрметті білім алушылар мен ата-аналар! Оқу әдебиеттері-табысты оқудың шарты. Әрбіріміз таза және ұқыпты кітапты қолымызда ұстағымыз келеді, ал ол үшін оны сақтау керек. Оқулықтарыңыз қандай жағдайда екенін қараңыз! Оқулықтар оралып, таза болуы керек.!