14
февраль
2023
"Миллион кімге бұйырады"
Жаратылыстану математика бірлестігінің онкүндігі аясында физика пәні мұғалімі Базаркулова М.М және іс-тәжірибеден өтіп жүрген Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің студенттерімен бірге ұйымдастырылған 9-10 сынып оқушылары арасында "Миллион кімге бұйырады" атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, қызығушылықтарын көрсетті. Сайыс жеңімпазы 9 "Ә" сынып оқушысы Ағыбаева Әмина, І орын 9"Б" сынып оқушысы Оспан Ақпейіл, ІІ орын 9"А" сынып оқушысы Асан Ақерке және ІІІ орын 10 "Ә" сынып оқушысы Дәрменұлы Нұрсұлтан ие болды.