25
май
2021
"Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздікке 30 жыл" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны
25.05.2021жылы #33 мектеп-лицейінде 1-11сыныптар аралығында "Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздікке 30 жыл" атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны қашықтықтан өткізілді. Мектеп директоры Алиев Нұрлан Меркенұлы салтанатты жиынды ашып, тәуелсіз елдің ұландарын елін сүйетін, Отанын құрметтейтін азамат болуға шақырды. Мектептің жетістіктеріне тоқталып, ат салысқан ұстаздар мен білім алушыларға алғыс білдірді. Мемлекеттік емтихандарды жоғары нәтижемен аяқтауға тілек білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі. Сонымен бірге онлайн түрде өткен салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі, ұстаздар , мектеп оқушылары және ата аналар қатысты. Оқушыларды жазғы демалысқа жез қоңыраудың үнімен шығарып салған ұстаздар шәкірттерімен аман сау қауышуды тіледі. 165 оқу озаты мен 234 оқу екпіндісі мақтау қағаздарымен марапатталды.