29
ноябрь
2019
Елбасы күні
Елбасы-татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. 1-желтоқсан елбасы мерекесіне орай мектебімізде бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылды. 1 "Б" сынып жетекшісі Мулдир Баршабековна оқушыларға еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру ол кісінің салиқалы саясаты арқылы еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отырғаны жайында ақпараттар беру, өз Отанының қорғанышы болуға тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатын өткізді! Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын!