09
май
2020
"Ұлы жеңіске 75 жыл"
Жеңіс күні - соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухына бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың жауынгерлігіне және ерліктеріне тағзым ететін күн. 4 "А" сынып оқушысы Рахымжан Айымның атасы Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры соғыс кезін еске алып болашақта тек бейбітшілік пен тыныш заманның болуын тіледі. Рахымжан атаға және соғыс ардагерлеріне, батыр жауынгерлерімізге қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздердің ерліктеріңізді, батырлықтарыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сіздерге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс!
Сынып жетекшісі: Рустемова Жанар Нугмаровна.