"Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыбында 4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс өткізілді. Мақсаты: Балалардың бойында ғаламтор желісі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Ғаламтор желісін пайдалы әрекеттерге пайдалануға баулу, ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету!