Методика и опыт » Страница 6 » 33.alschool.kz
Коммунальное
государственное учреждение
"№33 мектеп-лицей"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 236-61-23
Бухгалтерия
+7(727) 236-62-09
Версия для
слабовидящих
"Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" аясында өткізілетін тарихи кеш!
25
февраль
2020
"Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" аясында өткізілетін тарихи кеш!
21.02.2020ж. күні мектебіміздің 8 "Ә" және 8 "Б" сынып оқушылары С.Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасында сағат 14:00-де "Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" тақырыбы аясында өткізілген тарихи кешке қатысты. Оқушыларымыз тарихи кеште сұрақтар қойып, өздеріне маңызды ақпарат алып, белсене ат салысты! 
Үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыс
19
февраль
2020
Үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыс
"Жеті құпия" тақырыбында үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыстан үзінді суреттер. Үш тілділік заман талабы десек талапқа сай шыңдалған шәкірттеріміз көп болсын!
Қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары
19
февраль
2020
Қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары
Коммунальное Управления образования Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаев оқуларынан мектебіміздің 4 "Ә" сынып оқушысы Майдан Аймауыт ІІ-орынды жеңіп алды! Құттықтаймыз! 
Онкүндікке байланысты ашық сабақтар
17
февраль
2020
Онкүндікке байланысты ашық сабақтар
Математика пәні мұғалімі Сағындықов Темірбек ағайдың "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбындағы саяхат сабағында Еуропа елдеріне математикалық белсенділікпен саяхат жасалды. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып таратылған тәттілерде мұғалімнің ұтқыр тұсы болды. Үш тілділікті негізге алған сабақта балалар қызығушылығы бәрімізге үлгі болды. Жас ұстаздың болашағына сенім білдіреміз 
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
15
февраль
2020
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
Биология пәні мұғалімі Бектұрған Аяжан Бектұрғанқызының "Жүйке жүйесі және оның қызметі" тақырыбында жүргізген сабағы жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша әдіс-тәсілдермен шыңдалған сабақ болды. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі ерекше көзге түсті. 
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
14
февраль
2020
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
Жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігіне байланысты мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Ермұрат Берікұлы 8 "А" сынып оқушыларымен "Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өткізілген сабақтың өте жоғары деңгейде болғандығын ұжым ұстаздары мен шәкірттеріміз жарыса айтты. "Жас келсе іске" деген қағиданы мақсат тұтқан жас ұстазымыздың болашағына зор сенім білдіреміз!
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты
10
февраль
2020
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Онкүндік барысында түрлі жарыстар мен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар болатындығын хабарлап, оқушыларды белсене қатысуға шақырды.
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
06
февраль
2020
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
Мектебімізде 3 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң-талас жоқ" тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін шығармашылық тұрғыда дамыту ұйымшыл болуға бір-бірінің ойын тыңдай білуге және тәжірибе алмасуға үйрету.  
Семинар-тренинг
03
октябрь
2019
Семинар-тренинг
 30.09.2019ж. Мектебімізде Медеу ауданы психологтарының қатысуымен "Балалармен қатыгез қарым-қатынас жағдайында мектептегі кризистік көмек және алдын алу. Ата-анамен балалар арасындағы қатынастың нығайту және антибуллинг" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг мақсаты: Оқушылар арасында зорлық - зомбылық, қатыгез қарым - қатынас, күш көрсетуді болдырмау.  



Тренинг
30
январь
2019
Тренинг
 №33 мектеп-лицейінің психологы Ташметова С.О ұйымдастыруымен 5 сыныптарға «Мен әлемді сүйемін» атты тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыру және сүйіспеншілік құндылығын дамыту.