Тәуелсіз деп соғады жүрегіміз! » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тәуелсіз деп соғады жүрегіміз!
27
ноябрь
2016

Тәуелсіз деп соғады жүрегіміз!

Алматы қаласы Медеу ауданы

№33 мектеп-лицейде өткізілген

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты Желтоқсандықтармен кездесу ұйымдастырудың

анықтамасы

№ 33 мектеп-лицейде 10.10.2016 ж ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына орай мектебімізде «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тақырыпта желтоқсандықтармен кездесу болып өтті. Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы тақырыптары аясында қамтылды.

Мақсаты: Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақтың ұлы тұлғаларына, ата – баба тарихына деген құрметін арттыру. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Кездесуге шақырылған Желтоқсандық қонақтар: Мустафина Гульмира, Босманова Үміт, Жүніс Гүлбахрам, Бекежанов Нуриддин және Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы. Бұл кездесу өтілуі үшін алдын-ала сценарий құрылып бекітілді. Тақырыпқа сай мәжіліс залы безендірілді. Кеш барысында 9 «Б» сынып оқушыларының арнайы тарихи оқиғаға жасаған слайдтары көрсетіліп, баяндама оқылды. Келген қонақтарға оқушылар өз сұрақтарын қойып, тілектерін айтып, өз ризашылықтарын білдірді. Бұл кешке оқушылар белсене қатысып, кештің әсемде әсерлі өтуіне ықпал етті. Кездесу соңында №33 мектеп – лицей оқушыларының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты. Оқушылар қонақтарға өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасса, кей оқушылар өз тілектерін білдіріп жатты. Кеш барысында кеш қонақтарына оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Мысалы, Ақбергенова Гауһар мен Рахымбай Ақжол кешті жүргізссе, Құрман ??ділет «Жаным қазақ» әнімен, Аяна, Алияр Майлыбаевтар «Отанды сүю иманнан» атты әндерін орындаса, 10 «А» сынып оқушылары Желтоқсан туралы шағын өлең шумақтарын орындады. Кеш әсерлі өтті. Мұндай кеш біздің мектепте жиі өтіп тұрады, әлі де мұндай кештер ұйымдастырылып тұрады.

Мектеп директоры Казиева Назгүл Алдабергеновна мектепке келіп, шәкірттерге болған оқиға жайлы айтып, оқушылар сұрағына жауап беріп, пікір алмасыпқандары үшін мектеп – лицей атынан ризашылығын білдірді. Мерекелік жиын белгіленген уақытта басталып, өз дәрежесінде өтті.

 

Похожие публикации:

27 октябрь 2015 Мектеп тарихы