7-8 сынып оқушыларына мектеп инспекторы Шайхисламқызы А, әлеуметтік
13.11 күні мектебімізде 7-8 сынып оқушыларына мектеп инспекторы Шайхисламқызы А, әлеуметтік педагог Жәлел А.Т және аға тәлімгер М.Э. Мұратбектің қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.