Тіл тағдыры - ел тағдыры Бүгін мектебімізде белгілі тіл жанашыры,
Тіл тағдыры - ел тағдыры Бүгін мектебімізде белгілі тіл жанашыры, қоғам қайраткері Асылы Осман апайымызбен тағылымды кездесу өтті. 🌿 Кездесу барысында Асылы апай тіл мен ұлттың біртұтастығы, ана тіліміздің қадір-қасиеті, жастардың тілге деген сүйіспеншілігі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Оқушылар мен ұстаздар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұлт рухын көтеретін терең ойлар мен жылы лебіздерге бөленді. 💬 «Тілін сүйген ұлт – өз болашағын сүйеді» деген Асылы апайдың сөзі баршамызға үлкен ой салды.