Іс-тәжірибені зерттеу – сапалы білім кепілі. 15.01.2026 ж күні
Іс-тәжірибені зерттеу – сапалы білім кепілі. 15.01.2026 ж күні мектебімізде «Табысты мектеп» жобасы аясында Lesson Study (Сабақты зерттеу) тәсілінің жүргізілу барысын зерделеуге арналған семинар өтті. Семинардың мақсаты — мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, сабақты жоспарлаудағы жаңа әдістерді талқылау және оқушылардың оқу сапасын жақсарту жолдарын бірлесе іздеу. ДОІЖО А.Е.Абуова зерттеу сабақтарын жоспарлаудың тиімді жолдарын көрсетті.