Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 🇰🇿
30
апрель
2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 🇰🇿
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 🇰🇿  8-сыныптардың ұйымдастыруымен осы айтулы мерекеге арналған концерт жоғары деңгейде өтті. Бұл кеште оқушылар достықты, татулықты және бірлікті дәріптеп, өз өнерлерін паш етті. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.  Бірлігіміз нығайып, еліміз тыныш болсын!  Мереке құтты болсын! ✨  #1мамыр #БірлікКүні #Қазақстан #МектепӨмірі [media=https://youtube.com/shorts/RUepKmDuj5U]
Сareerhub.kz – бұл цифрлық кітапхана. Мұнда  кітаптар, мақалалар, электронды форматта сақталып, интернет арқылы қолжетімді болатын заманауи кітапхана түрі.
30
апрель
2026
Сareerhub.kz – бұл цифрлық кітапхана. Мұнда кітаптар, мақалалар,
Сareerhub.kz – бұл цифрлық кітапхана. Мұнда  кітаптар, мақалалар, электронды форматта сақталып, интернет арқылы қолжетімді болатын заманауи кітапхана түрі. Дәстүрлі кітапханадан айырмашылығы — мұнда оқырман кітапты қолмен алып оқымайды, керісінше компьютер, планшет немесе телефон арқылы онлайн түрде пайдаланады. Қазіргі таңда цифрлық кітапханалар білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Олар оқушыларға, мұғалімдерге және жалпы оқырмандарға қажетті ақпаратты тез табуға мүмкіндік береді.
Ташкентте өткен «Жас жұлдыз» конкурсында қазақтың ұлттық аспабын танытып, бас жүлдені иеленген ағайынды Максутовтар — Асфендияр мен Ыбырай.
29
апрель
2026
Ташкентте өткен «Жас жұлдыз» конкурсында қазақтың ұлттық аспабын
Ташкентте өткен «Жас жұлдыз» конкурсында қазақтың ұлттық аспабын танытып, бас жүлдені иеленген ағайынды Максутовтар — Асфендияр мен Ыбырай. Екеуі де небәрі 5-6 сынып оқушылары болса да, өнерге деген сүйіспеншілігі мен талантының арқасында үлкен сахнаны бағындырып отыр. Кішкентай жүректерінде үлкен өнер жатқан бұл бауырлар домбыраның үні арқылы қазақтың рухын, дәстүрін, болмысын өзгелерге паш етті.  Жас болса да, жігері мықты, талабы биік Асфендияр мен Ыбырай — болашақта қазақ өнерін әлемге
«Суды қорғайық»
29
апрель
2026
«Суды қорғайық»
Тақырыбы: «Суды қорғайық» Сыныбы: 1 «А» Күні:29.04.26 Сынып жетекшісі:Жансеркеева Г.Т Мақсаты: Оқушыларға судың маңызы туралы түсінік беру, суды үнемдеу және қорғау қажеттігін ұғындыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. [media=https://youtube.com/shorts/fqYY9qhWXCk]
✨ 24.04 күні №33 мектеп-лицейінде бастауыш 1–4 сынып оқушыларына Алатау дәстүрлі өнер театры ұсынған «Әгугай мен Игигәй» музыкалық қойылымы өтті.
24
апрель
2026
✨ 24.04 күні №33 мектеп-лицейінде бастауыш 1–4 сынып оқушыларына
✨ 24.04 күні №33 мектеп-лицейінде бастауыш 1–4 сынып оқушыларына Алатау дәстүрлі өнер театры ұсынған «Әгугай мен Игигәй» музыкалық қойылымы өтті. 🎭 Қызықты әрі тәрбиелік мәні зор қойылым оқушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың көңіл күйін көтерді. Балалар ертегі әлеміне еніп, кейіпкерлермен бірге қуанып, үлкен қызығушылықпен тамашалады. ✨ Көрермендер қойылымнан көтеріңкі көңіл күймен, жақсы әсер алып тарқасты. [media=https://youtu.be/9oCHhEJP78M]
23 сәуір — Кітап күніне орай біз де ерекше тренд түсірдік 📚
23
апрель
2026
23 сәуір — Кітап күніне орай біз де ерекше тренд түсірдік 📚
23 сәуір — Кітап күніне орай біз де ерекше тренд түсірдік 📚 Кітапқа деген қызығушылықты арттыру — біздің басты мақсатымыз ✨ Оқуға бірге қадам жасайық!  #оқы #кітапкүні #өзінөзібасқаруұйымы [media=https://youtube.com/shorts/_xjk2QA8EOk]
Бүгін мекемемізде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығу өткізілді. Қатысушыларға жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары көрсетіліп, эвакуация тәртібі пысықталды.
23
апрель
2026
Бүгін мекемемізде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығу
Бүгін мекемемізде сейсмикалық қауіпсіздікке арналған жаттығу өткізілді. Қатысушыларға жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары көрсетіліп, эвакуация тәртібі пысықталды.  Сонымен қатар, алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайда зардап шеккендерге жедел әрі дұрыс көмек көрсету дағдылары таныстырылды.  Мұндай іс-шаралар қауіпсіздікті арттырып, кез келген төтенше жағдайға дайын болуға көмектеседі. [media=https://youtube.com/shorts/qLquf8U5jyA]
23 сәуір — Ұлттық кітап күні мейрамы құрметіне ұйымдастырылған көрме жоғары деңгейде өтті 📚✨
23
апрель
2026
23 сәуір — Ұлттық кітап күні мейрамы құрметіне ұйымдастырылған көрме
23 сәуір — Ұлттық кітап күні мейрамы құрметіне ұйымдастырылған көрме жоғары деңгейде өтті 📚✨  Осы айтулы мереке құрметіне Алмагуль Оспаналиевна Оқу-ағарту министрлігінен арнайы Құрмет грамотасымен марапатталды! 👏  Шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін. Білім мен руханият жолындағы қызметіңіз әрдайым жемісті болсын! 🌟  Мереке құтты болсын! 🎉🇰🇿
Мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті. 👑 Бұл сайысқа бірнеше сыныптың белсенді, өнерлі оқушылары қатысып, өздерінің білімін, өнерін және жан-жақтылығын көрсетті.
22
апрель
2026
Мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті. 👑 Бұл сайысқа
Мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауы жоғары деңгейде өтті. 👑 Бұл сайысқа бірнеше сыныптың белсенді, өнерлі оқушылары қатысып, өздерінің білімін, өнерін және жан-жақтылығын көрсетті. 🏆 Байқау қорытындысы бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Тасшабай Ерасыл бас жүлдені жеңіп алды! Ерасыл өзінің өнері, тапқырлығы және сахнадағы сенімділігімен ерекшеленіп, әділқазылардың жоғары бағасына ие болды. 👏 Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын
33 мектеп-лицейдің оқушысы Шауһатұлы Ибраһим «Сардар» қалалық олимпиадасында жүлделі II орын иеленді! 🥈
22
апрель
2026
33 мектеп-лицейдің оқушысы Шауһатұлы Ибраһим «Сардар» қалалық
🎉 Қуанышты жаңалық! 33 мектеп-лицейдің оқушысы Шауһатұлы Ибраһим «Сардар» қалалық олимпиадасында жүлделі II орын иеленді! 🥈 Жетекшісі: Джангазиев Ерлік  👏 Құттықтаймыз!