Мемлекеттік қызмет » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекеттік қызмет
Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
06
март
2024
Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету
[media=https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020478] Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20478 болып тіркелді.
Республика сарайында Үздік педагогтарға арналған концерт ұйымдастырылды
05
октябрь
2019
Республика сарайында Үздік педагогтарға арналған концерт
 04.10.2019ж. Мұғалімдер күніне орай Республика сарайында үздік педагогтарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мырза мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап үздік ұстаздарды марапаттады. Медеу ауданының әкімі Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы егеменді еліміздің отаншыл да, рухшыл ұландарын тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін биология пәнінің мұғалімі Ашимхан Ұлжан Ауесханқызын марапаттады. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты. Мерекелік көңіл-күй
Мұғалімдер күні
05
октябрь
2019
Мұғалімдер күні
Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан біздің аяулы ұстаздарымыздың құрметіне 04.10.2019ж. "Ұстаз - ұлы есім" тақырыбында іс - шара өткізілді. Ұстаздарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлап құрмет көрсеткен 11-сынып оқушыларына көп рахмет.  
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі
23
сентябрь
2019
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі
 23.09.2019ж күні мектебімізде гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің "Тілге құрмет - елге құрмет" атты онкүндігінің ашылу салтанаты болды! Шара алдағы он күн бойы жалғасын табады.    

"Мектепке жол" акциясы
23
сентябрь
2019
"Мектепке жол" акциясы
Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында кішігірім топтасқан түрде ұйымдастырылған мектеп оқушыларын жəне құқықбұзушылықпен айналысқан оқушыларды анықтау мақсатында Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан "Көк базар" аумағы, "Орталық мешіт" маңы жəне "28 Панфиловшылар паркіне"  #33  мектеп-лицейінің əлеуметтік педагогы Шымбаева А.Ғ. жəне мектеп психологы Ташметова С.О. рейд жүргізді. Рейд барысында бей-берекет жүрген оқушылар анықталған жоқ.
Ата - аналар жиналысы
13
сентябрь
2019
Ата - аналар жиналысы
 13.09.2019ж күні мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында: 1. Бала тәрбиесіндегі ата-ана рольі. Отбасы құндылығы  2. Салауатты өмір салтын қорғаудағы ата-ана үлесі 3. Оқушының "Жол және өмір қауісіздігі ережесі"  4. №03-1-4/5807 хатының негізінде "Оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарынан ақша жинауға тыйым салу туралы" бұйрықпен таныстыру және алдағы уақытта атқарылатын бірқатар жоспарлар қамтылды     

"Рухани жаңғыру "
10
сентябрь
2019
"Рухани жаңғыру "
 10.09.2019ж күні латын қәрпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып жалпықазақстандық ашық диктант жазу ұйымдастырылды. Осыған орай 9-11 сынып оқушылары жалпықазақсатандық диктант жазуға қатысты.  
Алғашқы қоңырау
02
сентябрь
2019
Алғашқы қоңырау
 Мектебімізде өткен "Алғашқы қоңырау" мерекесі. Жаңа 2019-2020 оқу жылы толағай табыстар мен сәтті күндерге толы болсын.