ХАБАРЛАНДЫРУ Алматы қаласы Медеу ауданы «№33 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі пән мұғалімдерінің бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды.
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы Медеу ауданы «№33 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі төмендегі пән мұғалімдерінің бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды.
1. 2 Математика мұғалімі (бір бірлік
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төле би көшесі 10 үй;
Лауазымды жалақысы: біліміне, еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31 тамыз 2022 жыл сағат:11.00-ге дейін
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі міндетті емес
- жоғары біліктілік педагог-модератордың немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының немесе педагог статусының болуы;
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы 2022 жылғы 31 наурыздағы № 121 бұйрығымен бекітілген лауазымдық міндеттерді атқарады.
Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төле би 10 мекенжайында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру «enbek.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап жүзеге асырылады.
Алматы қаласы Медеу ауданы «№33 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- біліктілік тестілеу сертификаты; педагог-модератордың, педагог-сарапшыныңғ педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
- түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Медеу ауданы №33 мектеп-лицей Төле би көшесі 10 үй, электронды пошта: school33medeu@mail.ru
Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77471407086