Мектептің спорт алаңының ашылуы » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептің спорт алаңының ашылуы
22
октябрь
2022

Мектептің спорт алаңының ашылуы

2022 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы, Медеу ауданының №33 мектеп-лицейінде Республика күнімен тұспа-тұс келген мерекеде мектептің спорт алаңы ашылды. Алиев Нурлан Меркенұлы басшылық жасап отырған №33 мектеп-лицей ұжымы осы аталған іс-шараны өте жоғары деңгейде ұйымшылдықпен атап өтті.
 Спорт алаңының ашылуына арнайы келген  қонақтар
Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Нурлыбаев Айдос Асқарұлы
Алматы қаласы, Медеу ауданының білім бөлімінің бастығы Сапарова Ағайша Әмірқызы
Алматы  қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу тәжірибелік орталығы» директоры Елемесов Бахтияр Асқарұлы спорт алаңын ашып,  мектеп оқушыларына арнап 5 спорттық доп сыйға тартты. 
Балалар жылы аясында  пайдалануға берілген спорт алаңы үшін, балалардың жүзінен шынайы байқалған  қуаныш  сезімдері үшін  Алматы қаласы Білім басқармасына 
№33 мектеп-лицейінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, жазушылар одағының мүшесі Сарыбай Бейбіт Шегебайұлы және мектебіміздің ата-аналары  алғыс білдірді.