«Әл-Фараби» ғылыми орталығы  » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әл-Фараби» ғылыми орталығы 
21
ноябрь
2022

«Әл-Фараби» ғылыми орталығы 

2021-2026 жылдарына арналған мектептің даму жоспарының негізінде  магистр-ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында  «Әл-Фараби» ғылыми орталығы  құрылған болатын. Күтілетін нәтиже: : Мектебіміздегі  магистр дәрежесі бар ұстаздардан құрылған топ оқушының ғылыми көзқарасын оятып, болашақта өз орнын табатын білімді, зиялы тұлға болып қалыптасуына  сәйкес нәтижеге бағытталған жоспарлы іс атқарады. Сол жобаның аясында  бүгін  33 мектеп лицейінде  «Ғылымдағы ұрпақтар сабақтастығы» атты дөңгелек үстелі өтті. Кеш қонақтары 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің  Физика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы  – Бисембаев Куатбай; Аль-Фараби атындағы Биология және биотехникалық мәселелерін шешетін ғылыми-зерттеу  институтының директоры, биология ғылымдарының докторы, профессоры, Ұлттық ғылымдар академиясының академигі  – Бисенбаев Амангелді Куанбаевич;  Алматы  қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының  бөлім басшысы,  педагогика ғылымдарының кандидаты
Сайлыбаев Әкімжан Әбдіхалықұлы . Дөңгелек үстелде заманауи инженерлік мамандықтардың бағыты, заманауи биотехникалық инженерияның даму бағыты, STEM білім беруді  жүзеге асыру бағыттары бойында сыр-сұқбат өрбіді. Магистр мамандар  өз жобаларын көрсетіп, ғалымдардан қажетті ақпараттар алса, оқушылар дәл қазіргі кезеңдегі ең керекті мамандықтар, ғылым жаңалықтары туралы ақпараттарды алды.