Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық квест-семинар
17
январь
2023

Қалалық квест-семинар

17 қаңтарда  мектебімізде “Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері” тақырыбында қалалық квест-семинар болып өтті. ~ Семинарға  келген қатысушылар тіркеуден өтіп, бағдарламамен таныстырылды;
~ Семинар  ашылуында мектеп директоры Алиев Нұрлан Меркенұлы алғы сөз сөйлеп, квест-семинар қонақтарына семинардың өте қызықты, пайдалы жақтарының көп болатындығын атап өтті.
~ Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары Торғай Е. Б. “Мектепті басқарудағы цифрландыру” тақырыбында мектеп-лицейімізде бот телеграмм желісі арқылы жүргізіліп жатқан жұмыс түрлерін көрсетті.
~ Мектебіміздің математика пәні мұғалімі “Заманауи мұғалімге қажетті цифрлық оқыту құралдары” тақырыбында шеберлік сағатын өтті
~ “Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері” тақырыбында квест-семинар өтті.
~ Семинардың 2-бөлімінде “Ашық сабақтар аллеясында” мектебіміздің бірқатар  тәжірибелі ұстаздары мен жас мамандары ашық сабақ көрсетті.
~ Қорытынды бөлімде “Жағымды тілектер алаңында” семинар қатысушылары бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісті