«Барлығыңның назарын!» » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Барлығыңның назарын!»
20
апрель
2023

«Барлығыңның назарын!»

Алматы қаласында 20.04.2023ж. сағат 11.00-де төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтті. «Барлығыңның назарын!» дабылы қағылғаннан кейін  №33 мектеп-лицей оқушылары мен мұғалімдері және мектеп қызметкерлері қауіпсіз алаңға шығарылды. Ғимаратты тастап шыққан уақыт 3-5 минут аралығы. Сейсможаттығуға шыққан оқушыларға жер сілкінісі туындаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы мектеп әкімшілігі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қоса оқушылар мен мұғалімдерге қандай керекті құжаттар мен керекті заттарды алу керек туралы түсініктеме жұмыстары жүргізіп, 11-сынып оқушылары және мектеп медбикесі Қалдан Айсулу  алғашқы медициналық көмек қалай жасалатыны туралы көрсетіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сейсможаттығу барысында ешқандай оқыс оқиға орын алмады.