Бүгін 16.06. 2023 ж “BALATIME”жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын таңғы сергіту жаттығуларынан бастады. » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін 16.06. 2023 ж “BALATIME”жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын таңғы сергіту жаттығуларынан бастады.
16
июнь
2023

Бүгін 16.06. 2023 ж “BALATIME”жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын таңғы сергіту жаттығуларынан бастады.

🕒 Бүгін  16.06. 2023 ж “BALATIME”жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын таңғы сергіту жаттығуларынан бастады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында М.Горький атындағы саябаққа барып, серуендеп қайтты. 
   
🎼 Түскі астан кейін, мектебімізде вокал үйірмесінің жетекшісі Абушакиров Даулет жоспарға сәйкес балалармен вокал үйірмесін өткізді! 

❕Бүгінгі лагерь жабылу салтанатымен жалғасын тапты! Ата-ана Қаламқас Қадырбаеваның ұйымдастыруымен А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының және “Балалар сазы” орталығының оқушыларымен бірге біздің мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. 
🎉 Сөз кезегін мектеп директоры Алиев Нұрлан Меркенұлы алып, лагерь барысында жұмыс жасаған ұстаздарымызға алғысын білдіре отырып, оқушыларымызға жазғы демалыс уақытын көңілді өткізіп мектепке аман-есен оралуларын тіледі! Ата- аналар мектеп ұжымына алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.