Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда робототехникадан халықаралық чемпионат аяқталды
29
июнь
2023

Алматыда робототехникадан халықаралық чемпионат аяқталды










Алматыда робототехникадан халықаралық чемпионат аяқталды

International Haileybury FIRST Championship-ке Қазақстан, БАӘ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 36 мектеп командасы қатысты.

Чемпионаттың басты мақсаты – ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы дағдыны дамыту, тәжірибе алмасу, халықаралық байланыс пен достықты нығайту.

Champions Award номинациясы Оралдан келген High Tech командасына бұйырса, Winning Alliance Captain номинациясын алматылық Balga men Shege командасы алды, ал Inspire Award Winner номинациясында жаңаөзендік Rebels командасы жеңіске жетті. 

Жеңімпаздарға ҚБТУ мен «Тұран» университетінде оқуға гранттар мен бағалы сыйлықтар берілді. 

Чемпионатта 250-ден астам оқушы бағын сынап жатыр. Олар өздерінің жас санаты бойынша сайысады. Чемпионатта жобалардың техникалық аспектісі, креативтілігі, тиімділігі және команданың бірлесіп жұмыс істеу қабілеті бағаланады.