«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйене келе бүгін мектеп-лицейімізде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің тілдер апталығына орай «Шапағат» медалінің иегері, қа » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйене келе бүгін мектеп-лицейімізде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің тілдер апталығына орай «Шапағат» медалінің иегері, қа
12
октябрь
2023

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйене келе бүгін мектеп-лицейімізде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің тілдер апталығына орай «Шапағат» медалінің иегері, қа

🔰«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйене келе  бүгін мектеп-лицейімізде Гуманитарлық пәндер бірлестігінің тілдер апталығына орай «Шапағат» медалінің иегері, қазақ тілін насихаттаушы ретінде танымал болып жүрген,«Сөйле»  тілдесу клубының оқытушысы Алина Кан және «Алға, Петербург» жобасының авторы,«БАРС»  медальінің иегері,  танымал блогер, Қазақстан Республикасының жетістігін насихаттаушы, Қазақстан феноменін зерттеуші Иван Червинскиймен кездесу кеші өтті. 🔰Мақсаты: Қазақ ұлтының салт-дәстүрін, ұлттық ойын түрлерін жас ұрпақ шәкірттерімізге насихаттау. 🔰Кездесу кеші жоғары  деңгейде,қызықты түрде сыр мен сұхбатқа, әсем әуен, күмбірліген домбыра үнімен жалғасып,  қазақтың салт дәстүріне, ұлттық ойындарымен ұласып  көздеген мақсаты ашылды. 
🔰Кеш қонақтары Иван Червинский мен Алина Кан  өздерінің қазақ ұлтының  тіліне деген құрметерін көрсетіп, ерекше ықыласпен алғыстарын білдірді. Оқушыларымыз үшін де тәрбиелік мәні бар кеш болды. 🔰Қазақтың сәлт- дәстүрін дәріптеп, еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!