Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін 13. 10. 2023 ж қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері : Балқыбекова Банура Пәттеқызы мен Турарова Гульнара Кунапьянқызының ұйымдстыруымен «Әдебиет-ұлттың жаны» атты әдеби –сазды кеш болып өтті.
13
октябрь
2023

Бүгін 13. 10. 2023 ж қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері : Балқыбекова Банура Пәттеқызы мен Турарова Гульнара Кунапьянқызының ұйымдстыруымен «Әдебиет-ұлттың жаны» атты әдеби –сазды кеш болып өтті.

№ 33 мектеп-лицейде  гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің апталығы өтілуде. Апталықтың өтілу барысында мектебімізде түрлі іс-шаралар атқарылуда.
Бүгін 13. 10. 2023 ж қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері : Балқыбекова Банура Пәттеқызы мен Турарова Гульнара Кунапьянқызының ұйымдстыруымен «Әдебиет-ұлттың жаны» атты әдеби –сазды кеш болып өтті.
 Мақсаты: Ұлы тұлғалардың бойындағы ұлтжандылық қасиетін оқушы бойына дарыту арқылы әдебиетке,туған тілге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын -жазушылардың поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармаларындағы ұлттыө құндылықтарды бағалау арқылы ұлтжандылық сезіміне әсер етіп , тіл тазалығын сақтауға,тарихи тұлғалардың елі үшін істеген еңбетерін бағалай білуге тәрбиеледі.
Әдеби кештің өзгешелігі Қазақтың Ұлы тұлғалары :Төле би, Махамбет Өтемісұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Оралхан Бөкейдің биылғы даталы мерей тойларының  өтілуімен байланыстырды.  
Әдебиет-ұлттың жаны екеніне көрерменнің көзін жеткізді десе де болады. Оқушылар ақын-жазушылардың шығармашылына тоқталып,бірі ақынның өлеңдерін оқыса,бірі көркем шығармаларына қойылымдар қойып,бірі әндерін шырқап көрерменді тамсандырды. Оқушылар тіл тазалығына ерекше мән бере отырып,сахнада өзін-өзі ұстау мәдениетімен де көзге түсе білді. 
  Елін сүйген, елі сүйген нар тұлғалардың поэзиясына терең үңілте білген бұл кештің жастарға бер тірбиесі де терең болды.    Көсілгенде – көсем, шешілгенде – шешен, қалың елдің қайғысын жұтып, қамын жеген Ұлыларымыздың әрбір ісі бүгінгі жастарға үлгі,өнеге. Ұлыларынмызды ұлықтап елі үшін жасаған еңбектерін өскелең ұрпақтың санасына нұр сәулесіндей құйып отырсақ, жастарымыз нағыз ұлтжанды тұлға болып  өсері сөзсіз.