📣Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған біріңғай сынып сағаты өтеді. » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📣Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған біріңғай сынып сағаты өтеді.
27
апрель
2024

📣Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған біріңғай сынып сағаты өтеді.

📣Барлық қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған біріңғай сынып сағаты өтеді. 

🖇️2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам қазақстандық оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы мектеп түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министірлігінің баспасөз қызметі.

📅Биылғы оқу жылының ұзақтығы 34 аптаны  құрайды, оқу 25 мамырда аяқталады. 

🖇️”Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне орай 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған  сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен  бірге өткен оқу жылын қорытындылайды” - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова. 

🖇️11(12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі “Алтын белгімен” марапаттау 12-15 маусым аралағында мектептердегі барлық емтихандар  аяқталғаннан кейін өтеді. 

📌Айта кетейік, 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз  ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты  іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады.🖇️Ақпарат ҚР оқу ағарту министірлігінің парақшасынан алынды.