Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 💫Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір ізгі қасиет. Жақсылық жасау- имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
13
декабрь
2024

💫Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір ізгі қасиет. Жақсылық жасау- имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.

💫Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір ізгі қасиет.  Жақсылық  жасау- имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Қайырымдылық жасасаң , қайырын өзің көресің,- дейді дана халқымыз. 

💫Мектебімізде Өзін-өзі басқару ұйымы жәрмеңке ұйымдастырып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдады. 

💫Мектебімізде 1-сыныптан білім алып келе жатқан оқушымыз Абжикеев Алмаз қазіргі таңда екі жыл көлемінде денсаулығындағы дертпен арпалысуда. "Жәрмеңкеден түскен қаражатымызды Алмаз бауырымыздың денсаулығы жақсарсын, ортамызға аман-есен оралсын деген ниетпен анасының шотына аударамыз деп шештік,-дейді мектеп президенті Дүйсенбек Абдулхафиз. Барша ата-аналарымызды, ұстаздарымызды "Көп түкірсе көл" дегендей Алмазға қол ұшын беруге шақырамыз.