Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #3 педагогикалық кеңес өтті.
08
январь
2025

#3 педагогикалық кеңес өтті.

#3 педагогикалық кеңес өтті. 
Күн тәртібінде талқыланған мәселелер:
    1.    II оқу тоқсаны және I жартыжылдық бойынша оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы:ДОІЖО Рустемова Ж.Н. оқу үлгерімі мен білім сапасының көрсеткіштеріне талдау жасады. Жетістіктер мен төмен нәтижелерді анықтай отырып, проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар берілді.
    2.    I жартыжылдықтағы білім сапасы мәселелері және шешу жолдары:ДОІЖО Бердібай Ф.Ө. білім сапасын арттыруға кедергі болатын негізгі факторларды атады және оларды жою жолдары ұсынылды. Әсіресе, оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістер қарастырылды.
    3.    «Цифрлық трансформация» жобасы:Сағындықов Т.Н. мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында цифрлық ресурстарды қолдану мүмкіндіктері туралы арнайы курс ұйымдастыратынын айтты.
    4.    Тәрбие жұмысының қорытындысы:ДТІЖО Амирханова А.Т. I жартыжылдықтағы тәрбие жұмыстарының негізгі жетістіктері мен мәселелерін талдап, тәртіптік және тәрбиелік шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстар айтты.
    5.    Сынып жетекшілерімен проблемаларды шешу жолдары:Сынып жетекшілердің жұмыс тиімділігін арттыру және оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында жасалған талқылаулар бойынша ұсыныстар жасалды.
Қосымша шара:
Кеңес аясында мұғалімдерге оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған тренинг өткізілді. Тренингте заманауи оқыту технологиялары мен тиімді әдіс-тәсілдер талқыланып, практикалық тапсырмалар орындалды. Мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісіп, оқыту сапасын арттыру бойынша жаңа идеялар ұсынды.
Кеңес қорытындысында әр жауапты тұлғаға нақты тапсырмалар беріліп, алдағы оқу кезеңіне арналған жұмыс жоспары қабылданды.