27
январь
2025
1-4 сыныптарға "Менің ертеңім" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
27.01.2025 ж күні 1-4 сыныптарға "Менің ертеңім" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Балаларды болашаққа деген оң көзқарас қалыптастыруға үйрете отырып, мақсат қою және оған жетудің қадамдарын түсіндіру және армандарды жүзеге асыру жолдары туралы ой қозғау мақсаты жолға қойылды. 5-8 сыныптарға "Заң және тәртіп" тақырыбында өтілген сынып сағатының басты мақсаты оқушыларды заң мен тәртіптің маңыздылығын түсінуге және оған құрметпен қарауға үйрете отырып, қоғамда тәртіп сақтау мен заңға бағынудың жеке және қоғамдық өмірге тигізер пайдасын көрсету. 9-11 сыныптарға өтілген «Арам мен адал, обал мен сауап – ұлтымыздың ұстанымы» тақырыбындағы сынып сағатында адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру мақсаты көзделді.