04
апрель
2025
04.04.2025 ж күні ювеналдық полиция инспекторларымен оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өткізілді.
04.04.2025 ж күні ювеналдық полиция инспекторларымен оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өткізілді. Атап айтқанда полиция майоры Махимов Нұрбақыт және лейтенант Отар Д оқушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді, оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болудың, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды. 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілгені жөнінде ақпарат беріп өтті. Мұндай іс-шаралардың мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру. Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, құлаққапты құлағына салып алып көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады. Мопед, электросамокат және велосипед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілді.