03
октябрь
2024
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен “Даналық ұстаздан” челленджі
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткен “Даналық ұстаздан” челленджі
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес, «Шабыт» жобасы аясында 3-қазан – Ұстаздар күніне орай «Даналық ұстаздан» атты челлендж ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, талай шәкірттің жүрегіне жол таба білген дана ұстаздарымыздың тәжірибесін, өмірлік ұстанымдарын жас ұрпаққа үлгі ету.
Челлендж барысында ұстаздар өздерінің даналыққа толы ойларын, тәжірибеден түйген тәлім-тәрбиелік кеңестерін бөлісіп, ізбасар әріптестеріне рухани қолдау көрсетті. Бұл бастама ұстаз мәртебесін көтеруге, сондай-ақ педагогикалық қауым арасында бірлік пен шығармашылықты арттыруға үлкен серпін берді.