Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп-лицейіміздің 11 сынып Жас түлектеріне Жалпы орта білім туралы аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті!!!
19
июнь
2025

Мектеп-лицейіміздің 11 сынып Жас түлектеріне Жалпы орта білім туралы аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті!!!

Бүгін- мереке!!!
Мектеп-лицейіміздің 11 сынып Жас түлектеріне Жалпы орта білім туралы аттестат табыстау салтанатты рәсімі өтті!!! Мектеп-лицейіміздің 44 оқушысы 11 жылдық білім жолының  нәтижесі- аттестаттарын қолдарына алды, оның ішінде 3 білім алушы Алтын белгімен, 1 білім алушы Үздік аттестатпен аяқтап, мектеп-лицейінің мақтанышына айналды!
Бұл-тек бір кезеңнің  аяқталып, жаңа парақтың ашылу кезеңі!!! 
Бұл-ұстаздар мен шәкірттердің үлкен еңбегінің қорытындысы!!!
Құрметті Жас түлектер! Бұл күн-сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты сәттің бірі. Сіздер үлкен мақсаттарға қадам басқалы тұрсыздар. Білім жолында еңбек етуге мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап ақ ұмтылып келдіңіздер. Әліппені ашып, қолға қалам ұстаған кезден бастап ізденісте болдыңыздар. Ал, қазір тарыдай болған жас баладан, таудай талапкерге айналдыңыздар. Жолдарыңыз әрқашан ашық болсын!


Похожие публикации: