22
январь
2026
Бүгін мектебімізде “XXI ғасыр мұғалімі: позитивті коммуникация мен кәсіби шеберлік үйлесімі” атты ерекше кездесу өтті.
Ұстаздар шеберлігі – сапалы білім кепілі! Бүгін мектебімізде “XXI ғасыр мұғалімі: позитивті коммуникация мен кәсіби шеберлік үйлесімі” атты ерекше кездесу өтті. Педагогикалық шеберлік академиясының төрағасы Саят Нұрқасымұлы Ибраимовпен @ped.academia болған бұл жиын мұғалімдер үшін нағыз шабыт алаңына айналды. Кездесу барысында: • Заманауи ұстаздың имиджі мен қарым-қатынас мәдениеті; • Жайлы жұмыс ортасын қалыптастыру жолдары; • Кәсіби құзыреттілікті арттырудың жаңа әдістері талқыланды. Қарбалас жұмыс арасында өзімізді дамытуға уақыт бөліп, жаңа идеялармен қаруландық. Мектеп ұстаздарына қолдау көрсетіп, құнды тәжірибесімен бөліскен Саят Нұрқасымұлына алғыс білдіреміз!
[media=https://youtube.com/shorts/7GyFr7BmJhU]
[media=https://youtube.com/shorts/7GyFr7BmJhU]