25
февраль
2026
Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, мектебіміздің ұйымдастыруымен өткен Шетелдік тағылымдама «Lesson Study-ге жаңаша көзқарас: Оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыру әдісі» атты семинар-практикум өте жоғары деңге
Бүгін біздің №33 мектеп-лицейіміз қала көлемінде ғылыми-әдістемелік орынбасарлары мен кадр резервіне енген педагогтердің басын қосқан үлкен кәсіби алаңға айналды. Алматы қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, мектебіміздің ұйымдастыруымен өткен Шетелдік тағылымдама «Lesson Study-ге жаңаша көзқарас: Оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыру әдісі» атты семинар-практикум өте жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында Lesson Study әдісін қолданудың жаңа алгоритмдері ұсынылып, сабақ сапасын арттырудың нақты кейстері қаралды. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары өзара іс-тәжірибе алмасып, заманауи білім беру трендтерін талқылады. Мектебіміздің озық идеялар орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген осынау маңызды шараға қатысқан барша әріптестерімізге алғыс айтамыз!
[media=https://youtu.be/vhRr7dKa5q4]
[media=https://youtu.be/vhRr7dKa5q4]