Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран”
04
май
2026

“Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран”

“Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран”

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары “Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран” атты мерекелік концерт өткізді.

Кештің алғашқы бөлімі бүгінгі ел тыныштығын қорғап жүрген айбынды ерлерге арналса, екінші бөлімі сұрапыл соғыста жеңіс туын желбіреткен батыр аталарымыздың рухына тағзым етуге арналды.

Саханада патриоттық әндер шырқалып, майдан даласынан сыр шертетін көріністер қойылды, отты жырлар оқылды. Оқушылар бабалар ерлігін ұмытпайтынын, бейбіт күннің қадірін білетінін дәлелдеді.

Бұл - “Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды” деген сөздің айғағы. Ерлік ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғаса бермек.

Кешті ұйымдастырған ұстаздар мен оқушыларға, келген қонақтарға алғыс айтамыз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ардагерлерге тағзым, сарбаздарға алғыс!
[media=https://youtube.com/shorts/-uziUnhmnQM]