Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде «Соңғы қоңырау» мерекелік салтанатты іс-шарасы өткізілді.
25
май
2026

Бүгін мектебімізде «Соңғы қоңырау» мерекелік салтанатты іс-шарасы өткізілді.

🔔 Бүгін мектебімізде «Соңғы қоңырау» мерекелік салтанатты іс-шарасы өткізілді.

Бұл күн – шәкірттер үшін қуаныш пен қимастыққа толы ерекше сәт. Бір жылдық еңбектің қорытындысы жасалып, ұстаздарға алғыс айтылып, оқушыларға ақ жол тіленді.

Биыл мектебімізді 50 түлек тәмамдап отыр. Олардың қатарында «Алтын белгіге», қызыл аттестатқа үміткерлер мен грант иегерлері бар. Бұл – ұстаздар мен ата-аналардың, оқушылардың тынымсыз еңбегінің жемісі.

Мерекелік кеш барысында әсем әндер шырқалып, жүрекке жылы естеліктер айтылып, мектеппен қоштасар түлектерге сәттілік тілектері арналды.

Барша түлектерге жарқын болашақ, биік белестер мен сәтті қадам тілейміз!
Жолдарыңыз ашық болсын, жас түлектер!❤️
[media=https://youtu.be/MoS0mlZpPrg]

Похожие публикации: