01
июнь
2026
2026 жылғы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай №33 мектеп-лицей базасында «ЖАЗ Fest – 2026» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді.
🎉 2026 жылғы 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай №33 мектеп-лицей базасында «ЖАЗ Fest – 2026» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өткізілді.
🌞 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл күй сыйлау.
🎭 Лагерь аясында оқушылар үшін мазмұнды әрі қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіліп, 🍲 ыстық тамақпен қамтылды.
📚 Бағдарлама барысында:
🤖 робототехника сабағында оқушылар заманауи технологиялармен танысты;
🗣️ дебат сабақтарында өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамытты;
🏹 ұлттық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеді;
💃🎶 би және музыка сабақтарына қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады;
🎨 асфальтқа сурет салу арқылы өнерге деген қызығушылықтарын арттырды;
📱 мобилография сабақтарында цифрлық медианы қолдану дағдыларын меңгерді.
✨ «ЖАЗ Fest – 2026» жазғы лагерінің алғашқы күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың көтеріңкі көңіл күймен демалуына, жаңа достар табуына және пайдалы уақыт өткізуіне мүмкіндік жасады