М.Махатаев кеші » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » М.Махатаев кеші
10
февраль
2019

М.Махатаев кеші


№33 мектеп-лицейінде Медеу аудандық мектептері арасында ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына 88 жыл толуына орай ұйымдастырылған волейбол сайысы болды. Сайыс мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, ақын өлеңдері мен әндерін тыңдату, жырлату болды. Ашылу салтанатында бүлдіршін балапандарымыз ақын өлеңдерін шырқап, балғындарымыз жырдан шашу шашты. Ал, Мұқағали мен Моцаррт" шығармасынан композиция қойғанда көрермендеріміздің көздеріне жас алғандары да болды. 
 
Ашылу салтанаты соңында Медеу аудандық "Ұстаз" кәсіподағының төрағасы Закиров Ғ.Қ. алған әсерімен бөлісті. Аудандық іс-шараға белсене атсалысқаны үшін бірнеше ұстаздарымызды "Алғыс хаттармен" марапаттады.
 
Келген командалардың жетекшілері Щокаманов Уәлихан мен Сәрсенбай Берік сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, ақын өлеңдерін оқығанда әсерленбеген жан қалмады. 
 
Кеш соңында әдеттегідей мектеп директоры Н.А.Казиева сайыскер командаларға сәттілік тіледі.