"Қашықтықтан оқыту" » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қашықтықтан оқыту"
01
апрель
2020

"Қашықтықтан оқыту"

COVID-19 короновирусының таралуының алдын алу мақсатында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында: "6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы" хабарланған. 1 сәуірде Қазақстанның барлық мектептері қашықтықтан оқыту бойынша сынама сабақ өткізеді деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде мәлімдеді. Осыған байланысты мектебіміздің 0-11 сынып оқушылары арасында қашықтықтан бір пәннен сынама сабақ өткізілді. Қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың бойынан мектепті және ұстаздарын, сыныптастарын сағынғандығы және қашықтықтан білім алуға деген қызығушылықтары байқалды. Оқушылар 6 сәуірден бастап қашықтықтан оқуға дайын екендіктерін байқатты! Ата-аналарымыз әлемде болып жатқан қиын жағдайға қарамастан оқушыларға сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етіп, барлық мәселені түсінікті жеткізіп қолдау көрсетіп жатқан барша ұстаздарға алғыстарын білдірді!