"Ұлттық тәрбие-маңызды мәселе" әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Құттықожаұлы Назаровпен мектеп мәжіліс залында онлайн кездесу! » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлттық тәрбие-маңызды мәселе" әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Құттықожаұлы Назаровпен мектеп мәжіліс залында онлайн кездесу!
02
март
2021

"Ұлттық тәрбие-маңызды мәселе" әлемнің 3 дүркін чемпионы Ардақ Құттықожаұлы Назаровпен мектеп мәжіліс залында онлайн кездесу!

Джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері. Еуразияның екі мәрте чемпионы, “Әлем файтерс” кәсіпқой спорт мектебінің директоры, сонымен қатар өскелең ұрпақты таным мен тағылымға баулып, отансүйгіштік пен имандылыққа тәрбиелеп, рухани адамгершілік білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген елінің мақтан тұтар азаматы - Ардақ Назаровпен мектебімізде ютуб каналы арқылы 1-11 сынып оқушыларымен қашықтан "Ұлттық тәрбие-маңызды мәселе" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Барша мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар болып осы кездесуді асыға күттік. Бұл жүздесу жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар  ата-ананы құрметтеу, имандылық, ізеттілік, адамгершілік секілді құндылықтарды бойына сіңіру  мақсатында өткізілді. Мектебіміздің директоры Алиев Нурлан Меркенович сөз бастап кездесу тізгінін атақты спортшымызға бергеннен-ақ Ардақ Назаровтың балалармен ерекше тіл табыса білетін қасиеті бәрімізді тәнті етті. Адамның бүкіл өміріне азық болатын иман мен әдеп, ерлік пен ездік, қасиет пен қадір, қарыз бен парыз, адалдық пен таза ар-намыс пен жігер, адамгершілік жайында саналы әңгімелелерін айтып, оқушыларға сұрақ беріп, олардың ойын тыңдап та үлгерді. Уақытты босқа өткізбеуге, өз ісінің нағыз маманы болуға және иманды болуға, ата-балаларымыздың батырлық іс-әрекетінен үлгі алуға насихаттады. Оқушы жастарымызға парақорлыққа жақындамауды оның арты соқпалы екендігін ескертіп әрдайым қиындықты жеңуге ұмтылу қажеттігін айтты. Тарихта өткен батыр бабаларымыздың ерліктерін баян етіп, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгеніне жіті тоқталды. Киелі даланы мекен еткен көшпенді бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи қиссаларды оқушыларға шебер жеткізіп, сол батырлардың жеке-жеке есімдерін еске алды. Сөз соңын адамзаттың өлшемі – оның руханиятында, оның тектілігінде, мәрттігінде, адами құндылығында, білімінде», – деп жастарға ақ батасын беріп қорытындылады.