"Тіл мәртебесі- ел мәртебесі" атты онкүндіктің жабылуы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, 30.09.2021 жылы №33 мектеп-лицейінде “Тіл мәртебесі - ел мәртебесі” атты онкүндіктің жабылу салтанаты болды. Оқушылар “Татьянаның Онегинге жазған хаты”, “Әке мен бала”, “Мұқағали мен Моцарттың кездесуі” атты қойылымдар және ән-бимен өз өнерлерін көрсетті. Онкүндік барысында өткен іс-шараларды қорытындылап, оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз, оқуда сәттілік тілейміз!