«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін»
02
май
2019

«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін»

        Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне  алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында 5Б сынып оқушылар арасында №33 мектеп-лицейінде «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жетекші: 5Б сынып жетекшісі Танабаева Гүлжаухар Дүйсенбекқызы.

      Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

        Бұл күн-әрбір  қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімінің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

      Бұл күні ел азаматтары үшін ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

      Олай болса, баршаңызды 1 мамыр-Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

     Баршаңызға әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін»
«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін»
«Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін»