"Жеңіс күніне" арналған концерт » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жеңіс күніне" арналған концерт
13
май
2019

"Жеңіс күніне" арналған концерт


Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан да  ұмытпақ емес. ??лемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның

22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы  9-мамырда соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде сағат 18:30 минутта, яғни сол уақыт кешінде Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен-Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 млн-нан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

        Ендеше, Ұлы Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю. Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухына бас ию. Үлгі өнеге тұту мақсатында №33 мектеп-лицейінде 8б сынып оқушыларының ұйымдастыруымен, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған  «Отан үшін от кешкендер» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Сынып жетекшісі Бекеева Айнур Утепбергенқызы.

    Концерттік бағдарлама бастамас бұрын сұрапыл майданда қайтыс болған жандарды еске алып 1 минут үнсіздік жарияланды. Іс-шарамызға Тыл ардагері Сарыбаев Шегебай Қиярбекұлы атамыз бен мәдениет қызметкері Сейсенова Шынар Мұқанқызы қатысты. Кездесуде Тыл ардагері өздерінің соғыс жылдарындағы тылда еңбек жасағандығын еске алып, өз ойымен бөлісті. Іс – шараның соңында оқушыларға, ұстаздарға алғысын білдіріп, мейірім мен бейбітшілік тіледі

 
"Жеңіс күніне" арналған концерт
"Жеңіс күніне" арналған концерт"Жеңіс күніне" арналған концерт
"Жеңіс күніне" арналған концерт