Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің, әз Наурыз!" атты қашықтықтан өткізілген олимпиада
04
апрель
2020
"Қош келдің, әз Наурыз!" атты қашықтықтан өткізілген олимпиада
Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "Қош келдің, әз Наурыз!" атты қашықтықтан өткізілген республикалық интернет-байқауында жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін 3 "А" сынып жетекшісі  мектебіміздің үлгілі ұстазы Жансеркеева Гүлжан Токтакыновна марапатталды! Құттықтаймыз 💐💐💐
4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс
26
февраль
2020
4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс
"Ғаламтордың пайдасы мен зияны" тақырыбында 4-сыныптар арасында сыныптан тыс квест-сайыс өткізілді. Мақсаты: Балалардың бойында ғаламтор желісі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Ғаламтор желісін пайдалы әрекеттерге пайдалануға баулу, ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету!
"Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" аясында өткізілетін тарихи кеш!
25
февраль
2020
"Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" аясында өткізілетін тарихи кеш!
21.02.2020ж. күні мектебіміздің 8 "Ә" және 8 "Б" сынып оқушылары С.Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасында сағат 14:00-де "Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл" тақырыбы аясында өткізілген тарихи кешке қатысты. Оқушыларымыз тарихи кеште сұрақтар қойып, өздеріне маңызды ақпарат алып, белсене ат салысты! 
Үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыс
19
февраль
2020
Үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыс
"Жеті құпия" тақырыбында үш тілде оқыту бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс квест-сайыстан үзінді суреттер. Үш тілділік заман талабы десек талапқа сай шыңдалған шәкірттеріміз көп болсын!
Қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары
19
февраль
2020
Қалалық Мұқағали Мақатаев оқулары
Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаев оқуларынан мектебіміздің 4 "Ә" сынып оқушысы Майдан Аймауыт ІІ-орынды жеңіп алды! Құттықтаймыз! 
Онкүндікке байланысты ашық сабақтар
17
февраль
2020
Онкүндікке байланысты ашық сабақтар
Математика пәні мұғалімі Сағындықов Темірбек ағайдың "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбындағы саяхат сабағында Еуропа елдеріне математикалық белсенділікпен саяхат жасалды. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып таратылған тәттілерде мұғалімнің ұтқыр тұсы болды. Үш тілділікті негізге алған сабақта балалар қызығушылығы бәрімізге үлгі болды. Жас ұстаздың болашағына сенім білдіреміз 
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
15
февраль
2020
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
Биология пәні мұғалімі Бектұрған Аяжан Бектұрғанқызының "Жүйке жүйесі және оның қызметі" тақырыбында жүргізген сабағы жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша әдіс-тәсілдермен шыңдалған сабақ болды. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі ерекше көзге түсті. 
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
14
февраль
2020
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
Жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігіне байланысты мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Ермұрат Берікұлы 8 "А" сынып оқушыларымен "Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өткізілген сабақтың өте жоғары деңгейде болғандығын ұжым ұстаздары мен шәкірттеріміз жарыса айтты. "Жас келсе іске" деген қағиданы мақсат тұтқан жас ұстазымыздың болашағына зор сенім білдіреміз!
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты
10
февраль
2020
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Онкүндік барысында түрлі жарыстар мен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар болатындығын хабарлап, оқушыларды белсене қатысуға шақырды.
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
06
февраль
2020
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
Мектебімізде 3 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң-талас жоқ" тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін шығармашылық тұрғыда дамыту ұйымшыл болуға бір-бірінің ойын тыңдай білуге және тәжірибе алмасуға үйрету.