Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 106
Онкүндікке байланысты ашық сабақтар
17
февраль
2020
Онкүндікке байланысты ашық сабақтар
Математика пәні мұғалімі Сағындықов Темірбек ағайдың "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбындағы саяхат сабағында Еуропа елдеріне математикалық белсенділікпен саяхат жасалды. Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып таратылған тәттілерде мұғалімнің ұтқыр тұсы болды. Үш тілділікті негізге алған сабақта балалар қызығушылығы бәрімізге үлгі болды. Жас ұстаздың болашағына сенім білдіреміз 
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
15
февраль
2020
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
Биология пәні мұғалімі Бектұрған Аяжан Бектұрғанқызының "Жүйке жүйесі және оның қызметі" тақырыбында жүргізген сабағы жаңартылған бағдарлама бойынша жаңаша әдіс-тәсілдермен шыңдалған сабақ болды. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігі ерекше көзге түсті. 
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
14
февраль
2020
Онкүндік бойынша ашық сабақтар
Жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігіне байланысты мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Ермұрат Берікұлы 8 "А" сынып оқушыларымен "Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өткізілген сабақтың өте жоғары деңгейде болғандығын ұжым ұстаздары мен шәкірттеріміз жарыса айтты. "Жас келсе іске" деген қағиданы мақсат тұтқан жас ұстазымыздың болашағына зор сенім білдіреміз!
Бастауыш сыныптар арасында өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқулары
11
февраль
2020
Бастауыш сыныптар арасында өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқулары
Алматы қаласы Медеу аудандық бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқуларында өлеңді мәнерлеп жатқа оқумен, сахна мәдениетін сақтауымен, ерекше дарынымен көзге түскен мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Майдан Аймауыт І-орынмен, 1 "А" сынып оқушысы Елубай Дидар ІІ-орынмен, 3 "Ә" сынып оқушысы Қоблан Ақнұр ІІІ-орынмен марапатталды! Құттықтаймыз! 
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты
10
февраль
2020
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты
"Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық" атты жаратылыстану-математика әдістеме-бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты болды. Онкүндік барысында түрлі жарыстар мен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар болатындығын хабарлап, оқушыларды белсене қатысуға шақырды.
Ғылыми жобалар сайысы
10
февраль
2020
Ғылыми жобалар сайысы
Халықаралық бейбітшілік әлемі білім беру орталығы ғылыми жобалар сайысынан мектебіміздің 10 "А" сынып оқушысы Сиқым Ұлту мен 8 "!Ә" сынып оқушысы Әсен Жандос І-орынды жеңіп алды! Құттықтаймыз! 
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
06
февраль
2020
"Тапқыр болсаң-талас жоқ" танымдық сайыс
Мектебімізде 3 сыныптар арасында "Тапқыр болсаң-талас жоқ" тақырыбында танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін шығармашылық тұрғыда дамыту ұйымшыл болуға бір-бірінің ойын тыңдай білуге және тәжірибе алмасуға үйрету.  
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
24
январь
2020
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
12-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Алматы қаласының ашық турнирінде 6 "А" сынып оқушысы Төлегенов Дамир ІІ-орынды жеңіп алды! Жеңісің құтты болсын Дамир! Спорт саласында биік шыңдарды бағындырады деп сенеміз! 
Ата-аналар жиналысы
17
январь
2020
Ата-аналар жиналысы
17.01.2020ж мектебімізде "Оқушы. Ата-ана. Ұстаз!" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді! Мақсаты: мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақыру. Жиналыста қаралған мәселелер: 1. Екінші тоқсан қортынды есебі 2. Снюс (темекі өнімінің) бұйымдарын әкелуге пайдалануға қатаң тыйым салу  3. Мектептен тыс уақытта баланың өмір қауіпсіздігі үшін ата-ананың жауапкершілігі 4. Ұстаз мәртебесі заң жобасы аясында мәліметтер беру
"Ғұмырдария - 2019"
13
январь
2020
"Ғұмырдария - 2019"
Республикалық балалар және жасөспірімдер "Ғұмырдария - 2019" байқауында мәнерлеп оқу сайысынан мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Бақтыгереева Гүлнар ІІ-орынды жеңіп алды. "Ұстазы таланттының-шәкірті талапты" демекші, сынып жетекшісі Рустемова Жанар Нугмаровнаны шәкіртінің жеңісімен құттықтап, толағай табыстар тілей отырып, Гүлнарға "Талабыңа нұр жаусын, шығар шыңың әрқашан биік болсын!" демекпіз!