Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 116
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты информатика пәнінен ашық сабақ!
15
февраль
2021
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты информатика пәнінің мұғалімі Жұмағазина Шолпан Жұмағазықызы кезекші 5 “Б” сыныбымен ашық сабағын өткізді! Ашық сабақ жаңаша әдіс-тәсілдермен шыңдалған сабақ болды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ерекше көзге түсті. Сабақ барысында роботтар еліне саяхат жасалынып оқушылар конструктор құрастырып үйренді.
“Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 10-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді!
13
февраль
2021
“Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 10-11 сынып
13.02.2021ж. күні мектебімізде “Директорлық сенбілік-ата-ана үні” тақырыбында қашықтан 10-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді! Күн тәртібінде: мектеп директоры 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету;  Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады; Ата-ананың баланы қадағалап отыруы;  Оқушылар мен ата-аналардың іс-әрекеті, міндеттері, ата-ананың оқушыға жағдай жасауы; және т.б мәселелер қаралды!
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық сабақтары!
12
февраль
2021
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне
Жаратылыстану-математика әдістеме бірлестігінің онкүндігіне байланысты математика пәнінің мұғалімі Бекеева Айнұр Утепбергеновна кезекші 9 “Б” сыныбымен “Тригонометрия формулалары” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ өте қызықты және санитарлық талапқа сай өткізілді. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып оқушылар белсене араласып отырды.
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық сабақтар өткізілуде!
11
февраль
2021
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты ашық
Жаратылыстану-математика бірлестігінің онкүндігіне байланысты математика пәнінің мұғалімі Әділханова Айгерім Таңатарқызы кезекші 5 “А” сыныбымен ашық сабағын өткізді! Ашық сабақта әдіс-тәсілдер, түрлі ойындар, көрнекіліктер мұғалімнің аса шеберлігімен дайындалып өте қызықты өтті.
Байланыс телефондарының өзгеруіне байланысты хабарлама!
05
февраль
2021
Байланыс телефондарының өзгеруіне байланысты хабарлама!
Назар аударыңыз! Құрметті сайт қолданушылары сіздерге ағымдағы жылдың 05.02 - күнінен бастап мектебіміздің байланыс телефондары өзгергенін хабарлаймыз!  Қабылдау бөлімі: 2366123 Мектеп директоры: 2366229
Қалалық "Тоғызқұмалақ аламаны" онлайн жарысы!
15
январь
2021
Қалалық "Тоғызқұмалақ аламаны" онлайн жарысы!
Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласында түрлі мамандықтар арасында ұйымдастырылған қалалық "Тоғызқұмалақ аламаны" онлайн жарысында "Ұстаздар қауымы" санаты бойынша мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исмагулов Мақсат ІІ-дәрежелі орынға ие болды! Жарайсыз Мақсат ағай! Құттықтаймыз!
“Шығармашыл психолог” Республикалық сырттай байқауынан І-дәрежелі орын
04
январь
2021
“Шығармашыл психолог” Республикалық сырттай байқауынан І-дәрежелі
“Шығармашыл психолог” Республикалық сырттай байқауына қатысып мектебіміздің педагог-психологы Ташметова Сандуғаш Ошақбаевна І-дәрежелі орынға ие болды! Құттықтаймыз💐💐💐💐💐
"Онлайн мектеп" платформасында ұйымдастырылған "Үздік БЖБ байқауы"
07
декабрь
2020
"Онлайн мектеп" платформасында ұйымдастырылған "Үздік БЖБ байқауы"
Қашықтан білім беру аясында "Онлайн мектеп" платформасында ұйымдастырылған "Үздік БЖБ байқауы" өткізілген болатын. Осы байқауда мектебіміздің физика пәні мұғалімі Базаркулова Марика Мажидовна 100 жүктелім жинап байқау сертификатына ие болды! Құттықтаймыз 💐💐💐 Алға 33 мектеп-лицей!
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай алғыс хат!
02
декабрь
2020
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы, “Nur Otan” партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын, партияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда жоғары жауапкершілік көрсеткендері үшін, сондай-ақ елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Праймериздің өткізілуіне қосқан зор үлесі үшін #33 мектеп-лицейінің бастауыш партия ұйымына алғыс білдіріп хат жолдады! Құттықтаймыз💐💐💐
Республикалық химия пәнінен олимпиада!
30
ноябрь
2020
Республикалық химия пәнінен олимпиада!
Республикалық химия пәнінен өткізілген олимпиадада мектебіміздің химия пәні мұғалімі Егинбаева Әмина Бақытжанқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды! Жетістіктеріңіз көбейе берсін 👏🏻👏🏻👏🏻