Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 121
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
24
январь
2020
Алматы қаласы бойынша таэквондодан ашық турнир
12-14 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы таэквондодан Алматы қаласының ашық турнирінде 6 "А" сынып оқушысы Төлегенов Дамир ІІ-орынды жеңіп алды! Жеңісің құтты болсын Дамир! Спорт саласында биік шыңдарды бағындырады деп сенеміз! 
Ата-аналар жиналысы
17
январь
2020
Ата-аналар жиналысы
17.01.2020ж мектебімізде "Оқушы. Ата-ана. Ұстаз!" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді! Мақсаты: мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, ата-аналарды бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақыру. Жиналыста қаралған мәселелер: 1. Екінші тоқсан қортынды есебі 2. Снюс (темекі өнімінің) бұйымдарын әкелуге пайдалануға қатаң тыйым салу  3. Мектептен тыс уақытта баланың өмір қауіпсіздігі үшін ата-ананың жауапкершілігі 4. Ұстаз мәртебесі заң жобасы аясында мәліметтер беру
"Ғұмырдария - 2019"
13
январь
2020
"Ғұмырдария - 2019"
Республикалық балалар және жасөспірімдер "Ғұмырдария - 2019" байқауында мәнерлеп оқу сайысынан мектебіміздің 4 "А" сынып оқушысы Бақтыгереева Гүлнар ІІ-орынды жеңіп алды. "Ұстазы таланттының-шәкірті талапты" демекші, сынып жетекшісі Рустемова Жанар Нугмаровнаны шәкіртінің жеңісімен құттықтап, толағай табыстар тілей отырып, Гүлнарға "Талабыңа нұр жаусын, шығар шыңың әрқашан биік болсын!" демекпіз! 
Президент шыршасы
26
декабрь
2019
Президент шыршасы
25.12.2019ж. күні Медеу ауданының әкімі әсем безендірілген шыршаны өз қолымен жағып, бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Оқушылардың құрметіне ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылым сахналанды. Мереке соңында бүлдіршіндерге аудан әкімі атынан дайындалған арнайы сыйлықтар табысталды. Медеу аудандық қала әкімдігіне үлкен алғысымызды білдіреміз! 
"Ғасырлар үні" атты ән-би байқауы
25
декабрь
2019
"Ғасырлар үні" атты ән-би байқауы
Алматы қаласы оқушылар сарайы Қалалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Ғасырлар үні" атты ән-би байқауында көркемсөз номинациясы бойынша №33 мектеп-лицей 4 "А" сынып оқушысы Бақтыгереева Гүлнар бас жүлдені жеңіп алды! Гүлнарды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бағындырар биіктерің шығар шыңдарың биік болсын! 
"Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге арналған шығармашылық байқауы
24
декабрь
2019
"Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге
Қазақстандағы Жастар жылына орай Қырғызстандағы "Креатив" білім беру комплексі ұйымдастырған "Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге арналған халықаралық шыңғармашылық байқауында "Мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша 11 "А" сынып оқушысы Сабитова Амина І-орынға ие болды! Аминаны жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз! 
"Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге арналған шығармашылық байқауы
24
декабрь
2019
"Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге
Қазақстандағы Жастар жылына орай Қырғызстандағы "Креатив" білім беру комплексі ұйымдастырған "Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге арналған халықаралық шығармашылық байқауында 4 "А" сынып оқушысы Ербулат Асия І-орынға ие болды! "Сурет өнері" номинациясы бойынша 4 "А" сынып оқушылары Мақсатұлы Мансұр мен Дәулетбай Меңдіғали І-орын иегерлері атанды! Шәкірттерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жетістіктер мен үлкен жеңіс тілейміз! 
Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Самрұқ" вокал байқауы
23
декабрь
2019
Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Самрұқ" вокал
"Самрұқ" Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында "Вокал" жанры бойынша мектебіміздің 2 "Б" сынып оқушысы Майдан Аймауыт І-орынды жеңіп алды! Кішкентай өнерпазымызды үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Алда биік шыңдарды бағындырып шығармашылық жолында үлкен табыстарға жетеді деген сенімдеміз! 
"Muz kz" конкурс
19
декабрь
2019
"Muz kz" конкурс
5 "А" сынып оқушысы Ғалымжанұлы Айдар Жаңа жылдық "Премия Muz kz" конкурсына қатысып гран при марапатына ие болды және Чехияда өтетін Халықаралық "Пражские шедевры" конкурсына жолдама алды! Айдарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Чехияның қақ төрінен қазақтың киелі қара домбырасының үнін шарықтатып қазақ балаларының өнерлі де дарынды екендігін дәлелдеп, үлкен жеңіспен оралатынына сенімдіміз! Өнерпазымызға шығармашылық табыс тілей отырып өнер жолында сәттілік тілейміз! 
Бішкек қаласында өткен Халықаралық таэквандо
10
декабрь
2019
Бішкек қаласында өткен Халықаралық таэквандо
Бішкек қаласында өткен Халықаралық таэквандодан мектебіміздің 3 "Ә" сынып оқушысы Мақсатұлы Алинұр ІІ - орынды жеңіп алды! Кішкентай Алинұрды еңбекқорлық, қайсарлық пен шеберліктің арқасында жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта тағы да әлемдік жарыстарда топ жарып еліміздің абыройон асқақтатады деп сенеміз!