Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 6
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт руханиятының жанашыры, қазақы тәлім-тәрбиені насихаттап жүрген ардақты жан, Зейнеп Ахметова.
17
апрель
2026
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт
Бүгін мектебімізде ерекше мазмұнды кездесу өтті. Қонағымыз – ұлт руханиятының жанашыры, қазақы тәлім-тәрбиені насихаттап жүрген ардақты жан, Зейнеп Ахметова. Ата-аналармен өткен жүздесуде “Ұлттық тәрбие – ұлттық рухтың негізі” атты маңызды тақырып кеңінен қозғалды. Кездесу барысында ұлт болашағы – бала тәрбиесі екені, әрбір отбасының осы жолдағы жауапкершілігі терең түсіндірілді. Әсіресе, ене мен келін арасындағы сыйластық, отбасындағы тәрбие мен берекенің бастауы екені жайлы құнды ойлар
Мектептегі өмір тек сабақ емес! ✨
17
апрель
2026
Мектептегі өмір тек сабақ емес! ✨
Мектептегі өмір тек сабақ емес! ✨ Біздің «Өзін-өзі басқару» ұйымы осындай таланттарды қолдайды. Айнараның орындауындағы Абай сөзі — нағыз жүрекке жететін туынды. Сен де бізбен бірге бол! Лайк басып, Айнараға қолдау білдір ❤️#өзінөзібасқару #білім #мектеп #қолдау #қарасөз [media=https://youtube.com/shorts/prJiaZdoVXQ]​​​​
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған зияткерлік шоу жоғары деңгейде өтті 🎓✨
17
апрель
2026
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған зияткерлік шоу жоғары деңгейде өтті 🎓✨ Бұл додада 9-сынып оқушылары өз білімдерін, логикасын және жылдам ойлау қабілеттерін сынады. Қызықты әрі тартысты өткен сайыстың нәтижесінде 9 «Ә» сынып оқушысы Тоқай Аружан жеңімпаз атанды 🏆 Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз! Осындай шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өздерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. #мектеп #зияткерлікшоу #өзінөзібасқару
Кәсіптік бағдар беру!
17
апрель
2026
Кәсіптік бағдар беру!
Кәсіптік бағдар беру!  📍 Бүгін 9-сынып оқушылары Almaty Polytechnic колледжінде өткен Ашық есік күнінде болды. Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи IT hub-ты аралады. Сонымен қатар, толық жабдықталған оқу кабинеттерін көріп, робототехника, радиоэлектроника және монтаждау бағыттары бойынша ақпарат алды. Бұл іс-шара оқушыларға болашақ мамандық таңдауда үлкен бағыт-бағдар берді. ✨ [media=https://youtube.com/shorts/Tj4dYpbOkx4]
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО филиалдарының білім беру көрмесіне мектебіміздің 10-сынып оқушылары қатысып қайтты.
16
апрель
2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен жоғары оқу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО филиалдарының білім беру көрмесіне мектебіміздің 10-сынып оқушылары қатысып қайтты. Іс-шара барысында оқушылар: 🎓 түрлі университеттер туралы кеңінен ақпарат алды 📘 білім беру бағдарламаларымен танысты 📝 оқуға түсу талаптары жайлы білді 💡 болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар алды.
Ата-аналар назарына! 🛑🛑🛑
16
апрель
2026
Ата-аналар назарына! 🛑🛑🛑
Ата-аналар назарына! 🛑🛑🛑  Алматы қ. Білім басқармасының «№ 33 мектеп-лицей»КММ әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады: 📌 Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру. 📌 Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына
Іс-шара барысында «Ақ желкен» журналы мен «Ұлан» газетінің ерекшеліктері, мазмұны, тұрақты айдарлары және жасөспірімдерге берер тәрбиелік, танымдық маңызы жан-жақты таныстырылды.
14
апрель
2026
Іс-шара барысында «Ақ желкен» журналы мен «Ұлан» газетінің
[media=https://youtube.com/shorts/04eV8leqIhE]Іс-шара барысында «Ақ желкен» журналы мен «Ұлан» газетінің ерекшеліктері, мазмұны, тұрақты айдарлары және жасөспірімдерге берер тәрбиелік, танымдық маңызы жан-жақты таныстырылды. Бұл іс-шараға мектеп кітапхана меңгерушісі Айдаркулова А.О. жетекшілік жасап, слайд арқылы балалар басылымдарының тарихы мен бүгінгі бағыты туралы мағлұмат берді. Көрнекі материалдар мен қызықты деректер оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, оқушылармен өзара
Бүгін оқушыларымыз Алматы қаласында өткен «Түрік университеттері көрмесіне» қатысып өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып қайтты!
11
апрель
2026
Бүгін оқушыларымыз Алматы қаласында өткен «Түрік университеттері
🇰🇿 🇹🇷 Бүгін оқушыларымыз Алматы қаласында өткен «Түрік университеттері көрмесіне» қатысып өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып қайтты!  Көрме барысында Түркияның жетекші университеттерімен танысып, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары және шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды!  Халықаралық университеттер көрмесі оқушыларымыздың кәсіптік бағдарын айқындау жолында маңызды рөл атқарады!
Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы!
10
апрель
2026
Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы!
Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы!  Апта барысында 9-сынып оқушылары қаламызда орналасқан әр-түрлі бағытта білім беретін колледждердің ашық есік күніне барып қатысты. 📌 Алматы мемлекеттік бизнес колледжі,   📌 Алматы көлік және коммуникациялар колледжі,  📌Принтмедиа технологиялар колледжі, барып білім беру бағдарламаларымен танысып, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын өз көздерімен көріп қайтты. Сонымен қатар, «Ашық есік күні» аясында түрлі мамандықтар туралы толық ақпарат алып, болашақ
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
10
апрель
2026
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.
Бүгін мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс алдында әр ата-ана пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, өз баласының үлгерімі мен тәртібі жайлы толық ақпарат алды. Осындай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың дамуына оң әсерін тигізеді. Бірлесе жұмыс жасай отырып, балаларымыздың болашағына бірге үлес қосамыз! [media=https://youtube.com/shorts/gcyNqoojfYU]