Бүгін жыл сайын дәстүрге айналған желтоқсан айының әр сейсенбі күні
Бүгін жыл сайын дәстүрге айналған желтоқсан айының әр сейсенбі күні “Оқушылар күніне” орай мектебімізде “Дарындылар форумы” өткізілді. Форум мақсаты: - Оқушылардың бойындағы түрлі қабілеттерін дәріптеп, олардың одан әрі шыңдала түсуіне, өмірдегі жауапкершілікті түсіндіруге жол ашу. - Ел ертеңі дарынды оқушылардың ғылым мен білімге деген ынтасын ояту. 🎗Форумда мектебіміздің беделін көтеріп, білім мен өнер жолында жетістіктерге жеткен шәкірттерімізге “Дарынды шәкірт” төс белгісі табысталды.