24
декабрь
2019
"Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге арналған шығармашылық байқауы
Қазақстандағы Жастар жылына орай Қырғызстандағы "Креатив" білім беру комплексі ұйымдастырған "Асыл-тастан, ақыл-жастан" атты мектеп оқушылары мен студенттерге арналған халықаралық шығармашылық байқауында 4 "А" сынып оқушысы Ербулат Асия І-орынға ие болды! "Сурет өнері" номинациясы бойынша 4 "А" сынып оқушылары Мақсатұлы Мансұр мен Дәулетбай Меңдіғали І-орын иегерлері атанды! Шәкірттерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жетістіктер мен үлкен жеңіс тілейміз!