Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді! » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді!
25
август
2020

Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді!

Ұлы Абай: "...Еңбегің кетпес далаға",- деп, қазақтың ұлы тұлғалары: "Алты Алаш бас қосса, төрдегі орын - мұғалімдікі", "Ұстаз - ұлы есім", деп - шынайы бағасын берген,  Песталоцци айтқандай: "Күн астындағы ең құрметті мамандық" иелері Ұстаздар үшін бүгін ұжымымызда аса қуанышты күн болды. 
Мемлекет үшін,  мұғалім қадірін бағалай алмаса, ол -  қоғамның өзінің кемтарлығы. Табиғатынан Ұстаз болып жаралған, жүрегіне Алланың сəулесі ұялаған  талантты мұғалімдерді бəрібір ешкім аласарта алмайды. Ел алдындағы ерен еңбегін кеміте алмайды. Бүгін ұжымда  ерекше сыйлап, құрмет тұтатын әріптесіміз, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Алиев Нұрлан Меркеновичке Білім және Ғылым министрлігі "АЛҒЫС" білдірді. Шын жүректен құттықтап, жаны Ұстаз болып жаратылған жандар қай марапатқа болмасын лайық деп білеміз!