Сыбайлас жемқорлық » 33.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2019

Сыбайлас жемқорлық


 

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», - деген болатын.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

Ендеше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл бағытында Медеу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №33 мектеп-лицейінің мәжіліс залында Республикалық SANALY URPAQ жобалық кеңесінің жетекшісі Токушев Кайыржан Ахметбекович және ғылыми жоба директоры Братенков Александр ??вановичпен мектептер, бала-бақшалар директорлары мен орынбасарларына семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және оның алдын алу мақсатында, мектеп басшыларға және орынбасарларына әдістемелік нұсқаулықтарымен таныстырылып, талқыланды.

Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.