Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№33 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 236-61-23
Есепші бөлімі:
+7(727) 236-62-09
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 4
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында  7 “А” сынып жетекшісі Самат А.А оқушыларымен бірге  тарихи-мәдени мұра объектілерін таныту бойынша ҚР Орталық мұражайына барды.
31
октябрь
2024
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізу
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында  7 “А” сынып жетекшісі Самат А.А оқушыларымен бірге  тарихи-мәдени мұра объектілерін таныту бойынша ҚР Орталық мұражайына барды. Мұражайдан  шығып, “Арман” кинотеатрынан қызықты фильм тамашалап қайтты. Оқушылардың бір күндік демалысы тарихи-танымдық сипатта өтті.
Тұрар Есет Ермекұлы 33 мектеп-лицейінің 8 “А” сынып оқушысымын.Мен 2024-2025 оқу жылының президенттікке үміткерлердің қатарындамын.
03
октябрь
2024
Тұрар Есет Ермекұлы 33 мектеп-лицейінің 8 “А” сынып оқушысымын.Мен
Тұрар Есет Ермекұлы 33 мектеп-лицейінің 8 “А” сынып оқушысымын.Мен 2024-2025 оқу жылының президенттікке үміткерлердің қатарындамын. Менің бағдарламам: -оқушылармен, ұстаздармен бірге жұмыс жасай отырып, бәсекеге қабілетті мектептердің бірі болуына атсалысу -оқушылар арасында ұсыныстар жәшігін жасау  -мектепте көптеген қызықты жобалар мен жарыстар ұйымдастыру -оқушылар арасында телефонды пайдалу графигін құрау -оқушылар арасында әртүрлі өсиеттерді, даналық сөздерді оқушыларға дәріптеу мақсатында
🥉"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" атты байқаудың қалалық кезеңі бойынша 7"А" сынып оқушысы Серікбай Нұрасыл 3 орын иемденді
28
сентябрь
2024
🥉"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" атты байқаудың қалалық кезеңі
🥉"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" атты байқаудың қалалық кезеңі бойынша 7"А" сынып оқушысы Серікбай Нұрасыл 3 орын иемденді және   8 "А" сынып оқушысы Тұрар Есет ерекше көзге түсіп,сертификат иемденді, жарайсыздар. Жетекшісі: Шаймерден Данагүл апайымызды құттықтаймыз.
8 “Б” сынып оқушысы Шарип Каусар Мектеп президент сайлауына үміткермін. Егер мен президент болсам:
27
сентябрь
2024
8 “Б” сынып оқушысы Шарип Каусар Мектеп президент сайлауына
8 “Б” сынып оқушысы Шарип Каусар Мектеп президент сайлауына үміткермін. Егер мен президент болсам: 1. Мектеп ішіндегі тәртіп. Мектеп тәртібі мінсіз болуы өте маңызды. Тәртіп бар жерде , білім сапасының да жоғары болатыны анық.✅ 2. Сыйластық. Жоғарғы  сынып оқушылары мен , төменгі сынып оқушыларының бір-біріне сыйластығы болуын қамтамасыз етемін.✅ 3. Қызықты іс-шаралар. Мектеп ішінде көбірек қызықты іс-шаралармер , үйірмелер өтуіне атсалысамын.(спорт , логика, AQге байланысты үйірме, жарыстар)
Арқалы айтыс өнерінің бүгінгі өрлеу заманында тарихи, әлеуметтік, мәдени заңдылықтардың бары күмән келтірмейді.
25
сентябрь
2024
Арқалы айтыс өнерінің бүгінгі өрлеу заманында тарихи, әлеуметтік,
Арқалы айтыс өнерінің бүгінгі өрлеу заманында тарихи, әлеуметтік, мәдени заңдылықтардың бары күмән келтірмейді. Оған рухани жан сарайымыздың қақпаларын айқара ашып тастап оң төрінен орын ұсынамыз. Ал осы халқымыздың осынау арқалы шабытты тұғыр еткен айтыс өнерінің қазіргі кезеңдегі хал-ахуалынан нені байқаймыз? Зерде жүгіртіп көрелік. Қазіргі айтыстың айтпағы не, яғни идеясы қалай деген сұраққа 9 “Б” сынып оқушыларының ұйымдастырған “Қазіргі ақындар айтысының ерекшелігі” тақырыбындағы дөңгелек
2024-2025 жылғы ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУЫ.  Мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларының назарына, сіздер үшін үлкен мүмкіндік.
23
сентябрь
2024
2024-2025 жылғы ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУЫ.
2024-2025 жылғы ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУЫ.  Мектебіміздің 8-10 сынып оқушыларының назарына, сіздер үшін үлкен мүмкіндік.  ҚАТЫС! БАҒЫҢДЫ СЫНАП КӨР!   ⚜️Қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса отырып, мектеп өмірінің гүлденуіне зор үлес қосамын десеңіз, тәрбие мен білімді ұштастыра отырып жайлы болашақ қалыптастыруға шақырамыз. ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ТАЛАП:  📌Сайлау алды бағдарламаңыз бен өзіңіз жайлы 1 мин бейнебаян ұсыну; 📌Мектеп пен оқушылардың мүддесін қорғай білу; 📌 Белсенді және
"Еңбек - түбі береке" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
23
сентябрь
2024
"Еңбек - түбі береке" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
"Еңбек - түбі береке" тақырыбында сынып сағаты өтілді. Мақсаты: оқушылардың әлеуетін дамытуға жағдай жасау, еңбекке деген ұмтылысты қолдау, еңбексүйгіштік пен өздеріне деген сенімділікті дамыту, өз іс-әрекетіне саналылық пен жауапкершілікті қалыптастыру.
20.09.2024ж. күні  мектеп психологы мен инспектордың қатысуымен  5-11-сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында суицидтің түрлері, негізгі себептері, сөздік белгілері, мінез-құлықтық
20
сентябрь
2024
20.09.2024ж. күні мектеп психологы мен инспектордың қатысуымен
20.09.2024ж. күні  мектеп психологы мен инспектордың қатысуымен  5-11-сынып ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында суицидтің түрлері, негізгі себептері, сөздік белгілері, мінез-құлықтық белгілері туралы айтылып, ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді. Өз кезегінде мектеп инспекторы  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
9 "А", "Ә", "Б"  сынып ұлдарына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
17
сентябрь
2024
9 "А", "Ә", "Б" сынып ұлдарына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер
2024 жылдың 17 қыркүйек  күні мектеп инспекторының қатысуымен 9 "А", "Ә", "Б"  сынып ұлдарына кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру мақсатында түсіндіру жұмысы жүргізілді..